Құлсарыда 155 тұрғын үй электр энергиясына қосылды

Жылыой ауданында қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев баяндады. Қазіргі уақытта 2 млн текше метрден астам су сорылды, 1821 жеке тұрғын үйден су бұрылды. Құлсары қаласында 155 тұрғын үй мен 2 кәсіпкерлік нысаны электр энергиясына қосылды. 329 үйде газбен жабдықтау қалпына келтірілді. Залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия 2613 өтініш қабылдап, 3,5 мыңнан астам адам біржолғы материалдық көмек алған. «Жайық өзенінің Индер ауданындағы деңгейі 13 см, Махамбет ауданында 7 см, Атырау қаласында – 3 см көтерілді», – деді Жұмағазиев.