Сергеев су қоймасындағы ахуал қандай?

Сергеев су қоймасында тасқын судың екінші толқыны өтті.

Қазіргі уақытта бөгеттен аққан су деңгейі – 242 см, 121 см төмендеу бар, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин. Оның айтуынша, екінші толқын сәуірдің соңына дейін өтеді деп болжанып отыр. Енді Есіл өзенінің сағасындағы су басқан үйлер саны көбеймейді. «Жалпы 14 мың 388 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 764 адам үйіне қайта оралды. Әзірге 242 адам эвакуациялық қабылдау пунктінде жатыр. Петропавлда 224 адам екі жаңа жатақханаға қоныстанды, олардың барлығы қажетті мүлікпен қамтамасыз етілген», – деді Ғайсин. Облыста 2 мың 349 отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем алған.