«ҚазМұнайГаз» елімізде жасыл-желектің көбеюіне атсалысуда

Компания қызметкерлері барлық өңірде ағаш егуді дәстүрге айналдырып келеді.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында «ҚазМұнайГаз»-дың 300-ден астам жұмысшысы елордада сенбілікке қатысып, 600 түп ағаш отырғызды.

Көктем келісімен, «ҚазМұнайГаз»-дың барлық кәсіпорындары сенбілік шараларына жұмыла кірісті. Компания еліміздің экономикалық дамуына ғана емес, экологиялық ахуалының жақсаруына басымдық беріп отыр.

Марат Ахметбеков, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ әкімшілік басқарма басшысының міндетін атқарушы:

- Былтыр 2023 жылды алсақ, ҚазМұнайГаз компаниялары бар жерде 40 мыңға жуық жасыл желек отырғызылды. Биылғы 2024 жылдың сәуір айының басында «ҚазМұнайГаз» көмектесіп, Арал теңізінің құрғаған 15 гектар жерінен 4,5 сексеуіл отырғызды.

Компания қызметкерлері бүгін елордадағы №75 мектеп-гимназияның аумағына, Әлихан Бөкейхан және Әбіш Кекілбаев көшелерінің бойына биіктігі 3,5 метрден асатын 600-ден аса шырша, қайың, үйеңкі, алма және алмұрт ағаштарын екті.

Ернұр Сүйесінов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еріктілері командасының мүшесі:

- Бұрын осы жерге келіп қарағанда бірде-бір ағаш болмайтын. Осындағы тұрғындарға, балаларға саябақ болады болашақта. Сондықтан 2023 жылдан бастап осы акцияларды қолға алған болатынбыз.

Сенбілік шарасына компания қызметкерлеі бүкіл отбасымен бірге қатысып, өскелең ұрпаққа өнегелі үлгі көрсетті. «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы жыл соңына дейін ел бойынша 85 мыңнан астам ағаш отырғызуды жоспарлап отыр.

Авторы: Қуандық Танабас