Елордада әкелер форумы өтті

Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында өткен әкелер форумына жүзден астам әке қатысты.

Жиында ер азаматтың отбасындағы рөлі кеңінен сөз болды. Ашық диалог алаңында мамандар әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты күшейтіп, ұлттық болмысты тәрбие құралы ретінде пайдалануға үндеді. Форумның басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайтып, бала тәрбиесінде ер азаматтардың жауапкершілігін арттыру.

Рахим Үркімбаев, қалалық дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының директоры:

- Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі атты бірінші әкелер форумының өткізілуінде балаларымыздың тәрбиесінде  ерекше орны бар екенін сезіп отырмыз. Әрбір сыныптың әкелері бүгінгі іс-шараға қатысып, өзіне айтылған жақсы әңгімелерден түйіндеп, өз қыздарындағы, ұлдарындағы тәрбиесін жетелейді деген сенімде осындай керемет шара ұйымдастырып отырмыз.