«Жаңа адамдар» қозғалысының мүшелері Атырауға келіп жетті

Республикалық «Жаңа адамдар» қозғалысының мүшелері Атырауға келіп жетті.

200-ге жуық жас ерікті қаланың су басу қаупі бар төрт учаскесінде тасқынға қарсы шараларға тартылады. «Ұйым өкілдері бұған дейін Шығыс және Солтүстік өңірлерде қиын жағдайға тап болғандарға қолдау көрсеткен. Бұл жолы тасқын су зардабын тартқан батысқа өзіміз сұранып келдік», - дейді жастар.

Мейіржан Ғарифоллаев, «Жаңа адамдар»  жастар қозғалысының мүшесі:

- Бұл жастар елде болып жатқан апатпен күресу үшін көмектесу, қол ұшын беруге шешім қабылдаған адамдар. Олардың бірі қапқа құм толтырса, екіншісі баррикада жасап, үшіншілері дала дастарханын ұйымдастырып жатыр. Бұл адамдар елде болған жағдайға немқұрайды қарамайтын адамдар. Кешеден бастап 4 шақырым жерге дейін осындай баррикада құрып жатырмыз.