Көкпардан ел чемпионы анықталды

«Әулие ата» командасы көкпардан Қазақстанның 14 дүркін чемпионы болды.

Жамбылдықтар финалда Алматы облысының командасын 7:1 есебімен ойсырата жеңді. Осылайша олар 14 рет ел үздігі атанып отыр. Ал қола жүлде үшін болған тартыста түркістандық шабандоздар Қостанай облысының көкпаршыларын қапы қалдырды. Есеп 7:6. Қызылордада өткен көкпардан ересектер арасындағы чемпионатқа 300-ге жуық спортшы қатысты.

Нүркен Байбөриев, ҚР Ұлттық және ат спорт түрлерінен мемлекеттік жатықтырушы:

- Бұл чемпионатқа 16 команда қатысты. Бір жағы қуантатыны – жылдан жылға кәсіби деңгейде дамып жатқаны. Шеберліктерінің дамып жатқаны. Яғни, біздің спорт мамандарының деңгейі көтерілуде. Тағы да бір қуанатынымыз, биыл екі команда қосылып отыр қатарға. Абай облысы жаңадан ашылған. Әскерилер арасындағы команда.