Алматыда 8 мың көшет егілді

Бүгін алматылықтар 8 250 түп көшетті жерсіндірді.

Көшеттердің басым бөлігі Алатау ауданына егілді. Сенбілікке қала әкімі Ерболат Досаев бастаған мемлекеттік қызметкерлер, тұрғындар, эко-белсенділер мен волонтерлер қатысты. Мегаполистің өзге аудандарында 4 мыңдай көшет егілген. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, көшеттерді күтіп-баптау жауапкершілігі күшейген. Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық экологиялық шарасы 8 мамырға дейін жалғасады.

Арман Алтынбекұлы, студент:

- Бүгінгі күні жемісін бермесе де ертеңгі күнгі ұрпағымызға жемісі мен көлеңкесін беретіні анық. Сондықтан біздің ҚазҰУ-ден 200 шақты студент ұстаздарымызбен бірге алма ағашын еккен болатынбыз. Бұл міндетті түрде ертең жемісін береді.

Азамат Қалдыбеков, Алатау ауданының әкімі:

- Бұл ағаштардың бәріне қажетті судың құдықтары мен тамшылау арқылы су жеткізілетін болады. Ол жұмыстардың бәрін осы келе жатқан мамыр айында бастаймыз. Сөйтіп бітіреміз. Өзімізде осында екі құдық бар.