Танзанияда тасқыннан 155 адам опат болды

Танзанияда тасқын жүріп, 155 адам опат болды. Ел билігінің хабарлауынша, топан судан ел астанасы қатты зардап шеккен.

50 мыңнан астам үйге су кіріп, 200 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшкен. Бірнеше көпір қирап, теміржол мен автожолдарды су шайып кеткен. Қазір апат аймағында құтқару жұмыстары жүріп жатыр.