АҚШ-та алапат құйын көтерілді

АҚШ-тың Небраска штатында алапат құйын көтерілді.

Соның салдарынан жүздеген үйге зақым келді. Ағаштар тамырымен жұлынып, ондаған көлікті басып қалған. Ауа райы қолайсыздығынан жергілікті әуежай жабылып, ондаған рейс кейінге шегерілді. Қазір қауіпті аймақта қалып қойған тұрғындарды құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге табиғи апаттан зардап шеккендер мен қаза тапқандан туралы ақпар жоқ. Мамандар құйыннан келген шығын көлемін есептеп жатыр.