Ақтөбедегі өрттің шығу себептері анықталып жатыр

Ақтөбеде құрылыс материалдары сақталған қоймадан өрт шықты, деп хабарлайды 24KZ.

Алдын ала мәлімет бойынша ғимараттың шатыры жанған. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен медициналық топ жұмыс істеді. Өртке апаттың үшінші дәрежесі берілген. Ал қызыл жалынның шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

Аслан Арзымбетов, қалалық ТЖБ Алматы аудандық бөлімінің бастығы:

- Сағат 19:55 шамасында Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы Смағұлов көшесі 7г мекенжайында қойманың өртеніп жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оған 3-ші ранг беріліп, өрттің шығу себептері анықталып жатыр.