Ақтөбеде қойма өртенді

Ақтөбеде құрылыс материалдары сақталған қойма жанып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары жұмыс істеп жатыр. Әзірге зардап шеккендер мен келтірілген шығын көлемі туралы ақпарат жоқ. Өрт алаңының аумағы анықталып жатыр.