Астанада бокстан жастар арасындағы Азия біріншілігі басталды

Жарысқа сары құрлықтың үздік былғары қолғап шеберлері келген.

Жекпе-жектер екі жас дәрежесі бойынша өтіп жатыр. Спортшылар 13 медальді өзара сарапқа салмақ. Жарыс жеңімпаздары 7 мамыр күні анықталады. Бапкер біздің құраманың алдына биік мақсат қойылғанын жеткізді.

Қайрат Сәтжанов, Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері:

- Ең азы 7 алтын. Командалық бірінші орын алу. Мақсатымыз сол. Балларға айтқандай, ең үздік боксшы да біздің құрамада болуы керек. Дайындықтары бәрі жақсы спортшылардың да. Осы өздеріңіз білесіздер. 25 мемлекет қатысып жатыр. 500-ден астам боксшы. Дайындықтары жақсы балалардың.