Италиялық сарапшы Президент Жолдауына қатысты пікір білдірді

Қазақстандағы өзгерістер халықаралық инвесторлардың жіті назарында.

Олар Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларына үлкен үміт артады. Шетелдіктер елімізде адам құқықтарын қорғау бойынша қабылданған шараларға оң бағасын беріп отыр. Италиялық сарапшы Президент Жолдауына қатысты осындай пікір білдірді.

Франческо Корбелло, Италияның бухгалтерлер институты жанындағы комиссия президенті:

- Былтыр Қазақстанға 28 млрд доллар рекордтық көлемде инвестиция тартылды. Енді реформалар аясында фискалдық саясат бойынша шетелдік компаниялар үшін қазіргіден де қолайлы жағдай жасалса, инвестиция көлемі артуы әбден мүмкін. Италияның тамақ өнеркәсібінде, сондай-ақ ауыл және мал шаруашылығындағы әлеуеті зор. Біз осы салалардағы озық технологияны Қазақстанға әкеле аламыз.