Көпшілік уақыттың өзгеруін қалай қабылдады?

Уақыттың бір сағатқа кері шегерілуі – көпшілік арасында табиғи уақытқа ең жақын шешім ретінде қабылдануда.

Ал оның көктемнің алғашқы күні – 1 наурыздан басталуы Табиғат-Ананың жаңаруымен тұспа-тұс келіп отыр. Яғни, адамдардың ұйқысы қанып, көңіл-күйі көтеріңкі болады. Жұмысқа деген құлшынысы артып, еңбек өнімділігі еселене түседі. Бұл мәселеге бастапқыда аса мән берілмегенімен, кейін қалыптасқан биологиялық уақытты бұзу адамның өмір сүру дағдысы мен денсаулығына, көңіл-күйі мен мінез-құлқына кері әсер ететінін ғалымдар да дәлелдеді. Уақыттың бір сағатқа кері шегерілуін Түркістандықтар қалай қабылдады? Жаңа өлшем жұртшылыққа, оның ішінде таңертең ерте тұрып, сабаққа асығатын студенттер қауымына қалай әсер етті? Пікірін тыңдап көрейік.

Қазақстанның бүкіл белдеуі бір сағаттық өлшеммен жүру ол өте жақсы деп есептеймін. Сағатымыздың ала-құла болуы да бізге әртүрлі әсер ететін еді. Бұл да бір бірліктің бастауы деп қарау керек.

Біріншіден жұмыстың тиімділігі, сонымен қатар экономикаға да үлкен әсері бар. күн шуағының мүмкіндіктерін көптеп пайдалану үшін. Жалпы ешқандай кедергісі келген жоқ.

Ұйқым қанды, сабаққа таңертең уайымдайтын едім, қаншада барамын деп. Ұйқы қанса, адамның энергиясы көөп болады. Көңілді болады. Сондай бақытты болып тұрмын ұйқым қанғанына.

Күн шықпай келетін едік, бүгін күн шыққан соң келдік. Ұйқымыз да қанды. Барлық іс-әрекетіміз, тірліктеріміз де бұрынғыға қарағанда жақсы болып тұр деп айта аламын.