Австралияда зорлық-зомбылыққа қарсы шеру өтті

Австралияның бірнеше қаласында жұрт жаппай көшеге шықты.

Шерушілер ел билігінен гендерлік зорлық-зомбылық туралы заңды тез арада қатаңдатуды талап етті. Соңғы кездері ел аумағында әйелдерге әлімжеттік көрсету деректері тым көбейіп кеткен. Австралияда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі өте өткір проблемалардың бірі саналады. Тұрғындар бұған дейін де бірнеше мәрте ауқымды шеру ұйымдастырған.