Қазақстандық студенттер Брюссельде Наурыз мерекесін тойлады

Мерекелік іс-шараға қазақ жастарынан бөлек түрік студенттері қауымдастығы өкілдері де қатысты.

Жырақта жүрген отандастырымыз ұлттық тағамдарымызды әзірлеп, концерт ұйымдастырды. Жастар домбыра тартып, қазақ композиторларының әндерін орындады. 

Арман Шәріп, KU Leuven университетінің студенті

- Бүгінгі Наурыз мерекесі өте жоғары деңгейде өтті кампусте. Осы іс-шараны ұйымдастырған Қазақ Ассоциацияға үлкен рақмет! Және елімізге сағынышымызды басып алдық бүгін. Өзіміздің ұлттық тағамдарымыздан дәм тәттік. Бүкіл қазақстандықтарды осы Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Наурыз құтты болсын!

Назгүл Нұрғали, KU Leuven университетінің студенті:

- Бүгінгі таңда біз Наурыз мерекесің тойлап жатырмыз және де біз осы мерекені түрік студенттер қауымдастығымен бірге тойлап жатырмыз. Шынымен де біз осы мерекені жоғары деңдейде өткіздік. Осы іс-шараны өткізе отырып, барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!