Биткойн 70 мың доллардан сатылды

Биткойн бағасы жаңа рекорд орнатты.

Криптовалютаның бір данасы кеше 70 мың доллардан саудаланды. Бірақ көп ұзамай 68 мыңға түсіп қалды. Блумберг басылымының хабарлауынша, мұндай жағдайға битқоинге деген сұраныстың артуы себеп болған. АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы қаңтардың соңында биткоиннің 11 спот қорын бекіткеннен кейін инвесторлар тарапынан криптовалюталарға қызығушылық айтарлықтай артқан. Айта кетейін, 5 наурыздағы жағдай бойынша биткоиннің нарықтық капитализациясы 1 триллион 350 миллиардтан асады.