Ірі компаниялар мен отандық өндірушілер өзара меморандумға қол қойды

Бұдан былай Қазақстандағы алпауыт мұнай-газ компаниялары жалпы соммасы 240 миллион долларға дейінгі тауарларды тек отандық өндірушлерден алуға міндеттелді, деп хабарлайды 24KZ.

Нәтижесінде елде 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Астанада ірі компаниялар мен отандық тауар өндірушілер және қызмет түрлерін жеткізушілер арасында осындай келісім орнады. Тараптар өзара меморандумға қол қойды. Импортқа тәуелділікті төмендетудің арқасында ішкі бәсекелестік артып, елге жаңа технологиялар келеді. Жаңа өнім түрлері өндіріле бастайды, – дейді мамандар.

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Елімізде отандық тауар өндірушілерді қолдау жөнінде Мемлекет басшысы бірнеше рет мәселе көтерген. Парламент төрінде де бірнеше рет айтылды. Қыркүйек айынан бастап жұмыс тобы осы 3 компаниямен жүйелі жұмысты бастап, оларға қазақстандық өнімдерді алу жөнінде талап қойғанбыз. Осы жұмыстардың нәтижесінде Мемлекет басшысы мен Үкімет басшысының талабының арқасында бірнеше контрактіге қол жеткіздік.