Өнімсіз делдалдар электрмен жабдықтау тізбегінен шығарылады

Бұл жөнінде Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір министрлер кабинеті Мемлекет басшысының экономиканы демонополизациялау және жасанды түрде құрылған делдалдық тізбектерді жою жөніндегі тапсырмасын іске асыруға кірісті. Басты мақсат – тұтынушылар үшін электр энергиясының түпкілікті құнын негізсіз көтеретін делдалдарды алып тастау. 1 сәуірден бастап Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша елде осындай бірқатар компанияның жұмысы тоқтатылды. Олар нарықта 2004 жылдан бастап жұмыс істеп келген және бизнес пен бірқатар бюджеттік ұйымдар үшін тарифті өздері белгілеп отырған. Тапқан табыстарын энергетикалық жүйені жаңғыртуға да жұмсамаған.

Айта кету керек, Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданған «Жылу энергетикасы туралы» жаңа заң аясында өнімсіз делдалдарды жою жұмыстары әрі қарайда жалғасатын болады.