Су тасқынынан зардап шеккен аймақтар Парламент назарында

Мәжіліс депутаттарының екінші толқыны жағдайды бақылау үшін су басқан өңірлерге аттанды. Олар Абай облысы, Шығыс, Батыс, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Атырау және Павлодар өңіріндегі жағдайды бақылап, жедел штаб жұмысына қатысуда.