Жыл сайын 92 млн тонна киім-кешек қоқысқа кетеді

Әлемде жыл сайын 100 миллиард тоннадан астам киім өндіріледі. Бірақ соның 92 миллион тоннасы қоқысқа кетеді. Ал елімізде қаншама тоқыма бұйымы полигонда шіріп жатқаны белгісіз. Нақты статистика жоқ. Бірақ қайта өңдеу саласы ақсап тұрғандықтан, біздегі жағдай мәз емес деп қынжылады эколог.