«Таза Қазақстан»: Мемлекет басшысы табиғатты аялауға шақырды

Сондай-ақ Президент қоғамда экология мәдениетін қалыптастырып, табиғатты аялауға шақырды.

Бүгінде Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны өтіп жатыр. Іс-шара алдағы уақытта су тасқыны болған аймақтарда да ұйымдастырылмақ. Бұл – енді еліміздің барлық өңірінде аумақтарды көгалдандыруға, тазалыққа көп көңіл бөлінеді деген сөз. Яғни, ауладан бастап тұрғын үй кешені, саябақ және басқа да нысандар әкімдер мен жұртшылықтың назарынан тыс қалмайды. Ал қоғам мүлкіне залал келтіргендер заңмен жауапқа тартылады.