Судан зардап шеккен Жылыой ауданына бір реттік төлемақы беріп жатыр

Су тасқынынан зардап шеккен жылыойлықтарға бір жолғы әлеуметтік көмек төленіп жатыр.

Осы күнге дейін 3492 өтініш мақұлданып, тұрғындардың шотына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржы аударылған. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 1 миллиард 289 мың теңге бөлінді. Сонымен қатар тасқын кезінде бүлінген тұрмыстық техникалар үшін де шамамен әр отбасыға 554 мың теңге беріледі. Оны арнайы комиссия қарап, шешім шығарады.

Азамат Мәмбетов, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

- Тұрмыстық заттарға, яғни бірінші кезекте қолданылатын үйдегі тұрмыстық заттарға 150 АЕК-ке дейін жергілікті бюджеттен тиісті қаражат бөлінеді. Құрылған комиссиямыз бар сол аудандық деңгейде. Сол комиссия барып зерделеп, зардап шеккен материалдық заттарға бағасын бергеннен кейін автоматты түрде тиісті төлемдер төленеді.