Қытай ұшырған ғарыш кемесі Айдан топырақ алып қайтады

Қытай "Чанъэ-6" ғарыш кемесін Айға ұшырды.

Оның миссиясы 2 айға жалғасады. Осы уақыт ішінде аппарат 4 милилард жылдан асатын топырақ үлгілерін жинап әкелу керек. Мұндай экспедиция бұрын-соңды жасалмаған. Оның нәтижесі тек Қытай ғана емес, бүкіл адамзат үшін ғылыми жағынан маңызды болмақ. Ұшыру кезінде Франция, Италия, Пәкістан мен Еурпалық ғарыш агенттігінің өкілдері де болған. Олар аппараттың бортына өз аспаптарын салып жіберген. Енді ғарыш кемесі Айдың оңтүстік полюсіне маусымның басында қонуы тиіс.