Әлемде 249 млн адам безгекпен ауырады

Әлемде 249 млн адам безгекпен ауырады

Бүгін Дүниежүзілік безгекке қарсы күрес күні.

Жалпы жыл сайын әлемде бұл дерттен 600 мыңнан астам адам көз жұмады. 249 миллион кісі ауру жұқтырады. Науқастардың дені африкалықтар. Өйткені олар климаты қолайсыз аймақтарда тұрады. Бірақ кейінгі жылдары Таяу Шығыс пен Еуропаның кейбір өңірлерінде безгекпен ауырғандар көбейді. Оған Африкадан ағылған босқындар  себеп. Айта кетейік, безгек адамға маса шаққан кезде берілетін инфекциялық ауру. Бұл дертке көбіне 5 жасқа толмаған балалар шалдығады.         

Майкл Мунгома, фармацевт:

- Бұл дерт Африкадағы бүкіл елдің бас ауруына айналды. Науқастардың дені көбіне дәрі-дәрмекті уақытында қабылдамайды. Себебі қарапайым халықтың оны сатып алуға қалтасы көтермейді. Өлім-жітім санының артуы да содан.