«Таза Қазақстан». «Достық» аллеясы тазаланды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына қостанайлық этномәдени бірлестіктер мен Ассамблея мүшелері өз үлесін қосты.

Олар «Достық» аллеясын тазартты. Жасыл желекті бұл алаң бес жыл бұрын ашылған. Содан бері оның күтім-бабы этномәдени бірлестіктер мен Ассамблея жастар қанатының мойнында. Бүгінгі экологиялық шараға 40-тан астам адам қатысты.

Наталья Рамазанова, облыстық "Қоғамдық келісім" мекемесінің басшысы:

- Бұл бірінші сенбілік емес, бізде мысалы, кәріс этномәдени бірлестіктің кәріс зираты бар, сол жерге барып келдік. Қостанай орталығында жинадық. Ал бүгін мұнда қоқыс жинап, осы жерге егілген ағаштарды қарап, қандай да бір жұмыс керек болса, істеп жатырмыз.