Ресейден келген судың 30 млн текше метрі Қамыс-Самарға жіберілді

Батыс Қазақстан облысында Ресейден келген тасқын судың 30 млн текше метрі Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді.

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады. Аймақта тірлігі төрт түлікпен байланысқан оңтүстік-батыс аудандар үшін Қамыс-Самар көлдерінің маңызы зор. Оның үстіне киіктерге табиғи суат болады. Мамандардың айтуынша, биыл судың мол келуіне байланысты Жайық-Көшім жүйесіне 1 млрд текше метрге дейін қор жинау жоспарланып отыр.