Chevening стипендиясының саны ұлғаяды. Эксклюзив

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон бүгін Astana IT университетінің ұжымы мен студенттерімен кездесті, деп хабарлайды 24KZ.

Алдағы уақытта британдық Бирмингем Сити университетімен серіктестік құру жоспарда бар. Бұл жайлы Дэвид Кэмерон арнамызға берген экслюзив сұхбатында хабарлады.

Жалпы Қазақстанға іс-сапары кезінде британдық саясаткер білім саласындағы ынтымақтастыққа баса мән берілгенін атап өтті. Мәселен, Нархоз бен Белфастегі Патшайым университеттері Астанада британдық жоғарғы оқу орнының филиалын ашуға келісті. Сонымен қатар бас шаһарда Ковентри университетінің бөлімшесін ашу жоспарда бар. Бұған дейін Оксфорд университетінде қазақ тілінің курсы ашылатыны жайлы айтылған еді.

Дэвид Кэмерон, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Сыртқы істер, достастық және даму істері министрі:

- Меніңше, білім саласындағы байланыс нығая түспек. Chevening стипендиясын екі ұлғайтып, Ұлыбританияда білім алуға мүмкіндікті еселемекпіз. Британ және қазақ университеттерінің өзара ынтымақтастығы беки түседі. Әлгінде ғана Астана университетіне кіріп шықтым. Бирмингем Сити университетімен әріптестік жайын талқыладық. Сондай-ақ ағылшын тілін оқыту басты назарымызда. Қазақстандағы ағылшын тілі мұғалімдеріне онлайн тілдік сервистер британдық консулдық арқылы қол жетімді болмақ. Яғни, білім беру саласында ынтымақтастығымыз тереңдейді. Бұдан бөлек, Президенттеріңізбен энергетика, өндіріс, шағын бизнес сияқты бірталай бағыттағы серіктестікті талқыладық.