ҚХА сессиясында қамтылған тақырыптар. Сұхбат

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында Құрылымның белсенді әрі үйлесімді жұмыс істеп жатқанын айтты.

Мәселен, су тасқыны кезеңінде Ассамблеяның республикалық және аймақтық штабтары құрылды. Бұған дейін де талай қайырымдылық шараларын жүргізгенін білеміз. Бүгінде  «Жүректен жүрекке» деген ауқымды акция жүргізіліп жатыр. Апат аймақтарына азық-түлік және ең қажетті тауарлар жолданды. Бұл ассамблея мүшелерінің береке-бірлігінің көрінісі десек болады. Олардың арасында жастар да бар. Қазір бізбен тікелей байланысқа Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесі мен  Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Әбділов қосылды.

  1. Ассамблея жастардың идеологиялық тәрбиесін қалай назарда ұстайды? Осы жайында айтсаңыз.
  2. Соңғы жылдары Ассамблеяның қызметі қалай өзгерді? Бұл құрылым қоғамдағы аса маңызды институтқа айнала алды ма?